.RU

Ресми жарияланым

бет1/4Дата09.09.2017өлшемі310.08 Kb. 1 2 3 4
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11151 тіркелді



  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Көшіру

  • Басқа

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы




Ауыл шаруашылығы министрінің




міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 21 сәуір



 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-1/168 бұйрығымен
бекітілген

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017 № 33 бұйрығымен.

      1. Осы Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау (40 %-ға дейін) тәртібін айқындайды.

      2. Субсидиялар агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен бөлінеді.

      3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі – АӨК субъектісі) айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссияның құрамына:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері;

      2) ауылдық округ әкімі;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері;

      4) салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің тізбесі (бұдан әрі – Дақылдар тізбесі) және жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға беріледі.

      Министрлікпен Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормаларын қарастыру хат түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнді құрайды.

      Дақылдар тізбесінде тиісті салалық мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дақылдарды субсидиялау басымдығы айқындалады.

      Министрлік оң нәтиже болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының бір данасын кері қайтарады.

      Министрлік теріс нәтиже болған жағдайда, келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының екі данасын да қайтарады. Бұл ретте, пысықталған Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары Министрлікке бес жұмыс күн ішінде қайта қарауға жолданады.

      Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары тиісті жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесіне және субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалар қарқынды алма бақтарын салған АӨК субъектілеріне қолданылмайды (гектарға 2000 данадан кем емес аласа бойлы және жартылай аласа бойлы клондық телітушілердің көшеттері, оның ішінде книп-баум көшеттері).

2-тарау. Субсидияны алушылар

      7. Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызған және оларды кейінгі жылдары өсіруді жүзеге асырған АӨК субъектілері субсидия алушылар болып табылады.

3-тарау. Субсидияны алу шарттары

      8. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу талаптарына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу.

      9. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар мынадай шарттар кезде төленеді:

      1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

      2) екінші вегетацияның – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетацияның – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетацияның – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сорты бойынша өсіру сақталған кезде беріледі.

      Егер де бұрынғы жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттер ішінара жойылған және АӨК субъектісі оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген жағдайда субсидиялар АӨК субъектісіне нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алаңына ғана (көпжылдық көшеттердің өздігінен қалпына келтірілген алқаптарын есепке алмағанда) тиесілі болады.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Субсидиялар АӨК субъектісі өтінім берген субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің алаңдарына және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = V*N;

      мұнда:

      S – субсидиялар мөлшері, теңге;

      V – субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру алаңы, гектар;

      N – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге облыс, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігінің қаулысымен бекітілген 1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге/гектар.

      Бұл ретте, көшеттерді сатып алу шығындарынан басқа, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындары өтеледі.

5-тарау. Субсидияны төлеудің тәртібі

      11. Бөлім:

      1) субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жарияланымын аудан (республикалық және облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспа басылымдарында орналастырады;

      2) АӨК субъектілерінен өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады. АӨК субъектісі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім берген жағдайда, өтінім АӨК субъектісіне екі жұмыс күн ішінде қайта пысықтауға қайтарылады.

      Өтінімді қабылдау кезінде АӨК субъектісіне күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

      3) осы Қағидалардың, Комиссияның талаптарына сәйкес келетін АӨК субъектісінің өтінімін енгізеді.

      12. Комиссия:

      1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;

      2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

      Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.

      Субсидиялар беруде теріс шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағымен белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

      13. Респбуликалық маңызы бар қаланың, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы екі жұмыс күні ішінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісінен өтінім түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады.

5-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      14. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрлікке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.



 

Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан


Достарыңызбен бөлісу:

sovremennoe-sostoyanie-i-analiz-deyatelnosti-agrofirmi-ooo-denisovka.html
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivi-ispolzovaniya-vtorichnogo-volokna-iz-makulaturi-v-mirovoj-i-otechestvennoj-industrii-bumagi.html
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivi-razvitiya-professionalnogo-obrazovaniya-i-obucheniya-v-gorode-moskve-v-ramkah-turinskogo-processa-v-sootvetstvii-s-rekomendaciyami-evropejskogo-fonda-obrazovaniya-efo-stranica-5.html
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivi-razvitiya-stranica-10.html
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivi-razvitiya-stranica-16.html
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivi-razvitiya-stranica-3.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/agrarnij-vopros-v-programmah-politicheskih-partij-nachala-20-veka-chast-3.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prikaz-ot-01-09-2011-113-od-orezhime-raboti-gou-progimnaziya-1755-na-2011-2012-uchebnij-god-dlya-chetkoj-organizacii-truda-uchitelej-i-uchashihsya.html
  • abstract.bystrickaya.ru/4-j-klass-chast-1-uchebnij-plan-nachalnogo-obshego-obrazovaniya-programma-formirovaniya-universalnih-uchebnih-dejstvij.html
  • studies.bystrickaya.ru/analiz-finansovogo-sostoyaniya-predpriyatiya-industrii-gostepriimstva-chast-9.html
  • urok.bystrickaya.ru/position-of-adverbial-modifiers-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-federalnoe-agentstvo-po-obrazovaniyu-gosudarstvennoe.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-literature-predstavlyaet-soboj-celostnij-dokument-vklyuchayushij-pyat-razdelov-poyasnitelnuyu-zapisku-soderzhanie-tem-uchebnogo-kursa.html
  • thescience.bystrickaya.ru/hewlett-packard-naladil-vzaimodejstvie-uzhe-s-17-rossijskimi-vuzami-v-ego-aktive-pomimo-mgu-i-spbgu-samarskij-aerokosmicheskij-universitet-dalnevostochnij-tehnicheskij-kazanskij-i-kamchatskij-gosuniversiteti.html
  • lecture.bystrickaya.ru/9-gibel-neizbezhna-yu-n-efremov-predeli-nauchnogo-znaniya.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-5-pravo-sobstvennosti-na-zemlyu-programma-disciplini-zemelnoe-pravo-dlya-specialnosti-030501-65-yurisprudenciya.html
  • literatura.bystrickaya.ru/ritoricheskij-instrumentarij-delovoj-rechi-kultura-delovogo-obsheniya-prakticheskoe-posobie.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-uchebnaya-programma-fakultet-zaochnoj-formi-obucheniya-kafedra-tehnologii-kompozicionnih-materialov-i-polimernih-pokritij-tkm-i-pp-po-discipline.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-3-poisk-hranenie-i-sortirovka-informacii-metodika-prepodavaniya-baz-dannih-v-shkole-uchitel-informatiki.html
  • college.bystrickaya.ru/23-mehanizmi-gruppovoj-dinamiki-uchebnoe-posobie-dopusheno-ministerstvom-obrazovaniya-rossijskoj-federacii-v-kachestve.html
  • college.bystrickaya.ru/06082009-centralnij-stadion-kazani-gotovitsya-k-futbolnoj-lige-chempionov.html
  • textbook.bystrickaya.ru/ispolzovanie-prichastij-posobie-adresovano-prezhde-vsego-studentam-fakultetov-i-otdelenij-zhurnalistiki-universitetov.html
  • turn.bystrickaya.ru/otchet-olechebnoj-rabote-vracha-stomatologa-terapevta-za-2001-2002-2003-godi-sankt-peterburg-2004-g.html
  • lesson.bystrickaya.ru/novie-zvukoizolyacionnie-materiali.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-15-trudovie-otnosheniya-v-mezhdunarodnom-chastnom-prave-plan-iseminarskih-i-prakticheskih-zanyatij-specialnost.html
  • tasks.bystrickaya.ru/2-napishite-programmu-dlya-cherepashki-risuyushuyu-sleduyushij-uzor-storona-kvadrata-budet-ravna-20.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/referat-op-discipline-grazhdanskoe-pravo-na-temu-sdelki-ponyatie-i-vidi.html
  • crib.bystrickaya.ru/itogovij-otchet-orealizacii-innovacionnoj-obrazovatelnoj-programmi-sistema-podgotovki-kadrov-dlya-visokotehnologichnih-proizvodstv-agropromishlennogo-kompleksa-sibirskogo-regiona-vvedenie.html
  • literatura.bystrickaya.ru/spisok-grazhdan-i-organizacij-nagrazhdennih.html
  • credit.bystrickaya.ru/patriotizm.html
  • university.bystrickaya.ru/etika-o-sushnosti-morali-chast-5.html
  • assessments.bystrickaya.ru/biogenerator-kto-chto-znaet-stranica-9.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/udivitelnie-prevrasheniya-volshebnika-gudvina-aleksandr-volkov.html
  • school.bystrickaya.ru/20-sistemnoe-i-programmnoe-obespechenie-annotacii-programm-vseh-uchebnih-disciplin-uchebnogo-plana-podgotovki-inzhenerov-i-magistrov.html
  • spur.bystrickaya.ru/koncepciya-ispolzovaniya-inostrannoj-rabochej-sili-v-rossii-rabota-trudovaya-migraciya-i-problemi-ispolzovaniya-inostrannoj.html
  • letter.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-kontrolnoj-raboti-s-ispolzovaniem-kompyuternoj.html
  • znanie.bystrickaya.ru/annotaciya-k-programme-itogovoj-gosudarstvennoj-attestacii-vipusknika-annotacii-k-programmam-disciplin-modulej.html
  • institut.bystrickaya.ru/tablica-5431-rezultati-testirovaniya-studentov-osnovnoj-obrazovatelnoj-programmi-03070165-mezhdunarodnie-otnosheniya.html
  • lesson.bystrickaya.ru/rasskaz-o-tradiciyah-vinodeliya-i-degustaciya-mnogih-vidov.html
  • composition.bystrickaya.ru/osnovnie-napravleniya-i-metodi-antropologii.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/inorodci-v-rossijskoj-imperii.html
  • essay.bystrickaya.ru/biznes-plan-ooo-chast-4.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.