.RU

Сабақтың мақсаттары: Жобалау әдістемесінің пәні, мазмұны, ерекшеліктері жайлы біліктілігін арттыру. Сабақтың міндеттері

Дата24.05.2017өлшемі150.88 Kb.
Сабақтың технологиялық картасы №

Пәні: «Жобалау іс-әрекеті негіздері»

Топ:













Күні:














Тақырыбы: Оқытуда жобалау әдістемесі – XXI ғасырдың білім технологиясы.

Сабақтың мақсаттары: Жобалау әдістемесінің пәні, мазмұны, ерекшеліктері жайлы біліктілігін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Жобалау әдістемесінің түрлері, деңгейлері туралы түсініктерін қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушыларды меңгерген білімдерін практикада қолдана білу қажеттілігіне баули отырып, зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;

Тәрбиелілік: Жобалау технологиясын және студенттерді әр жұмысын жоспарлауға үйрету

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәріс

Оқыту әдіс-тәсілдері: ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс)

Оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясын АКТ-ға негіздеу

Пән аралық байланыс: педагогика
Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта.

Көрнекі құралдар: презентация

Қосымша тапсырмалар:

Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі:

негізгі:

  1. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996.

  2. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога.-М.; СПБ., 2003.

  3. Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида.-СПБ, 1995.

Қосымша:

  1. КрюковаЕ.А. Введение в социально-педагогическое проектирование.-Волгоград, 1998.

  2. Заир-Бек Е.С. Основа педагогического проектирования.-СПБ,.1995.

  3. Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология в контексте гуманизации образования в школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.

2. Сабақ мақсатын қою - 1 мин.

3. Білімді өзектілендіру- 2 мин.

«Естігенімді – ұмытамын , көргенімді — есте сақтаймын , өз істегенімді- меңгеремін»,- деп Конфуций айтқандай, жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау бүгінгі тақырыптың өзектілігі..

4. Үй тапсырмасын сұрау - 35 мин.

Жоба әдістемесі негізін салушы Дж.Дьюидің көзқарастары. (1-2 оқушыдан ауызша сұрау)



1 тапсырма Жоба фазалары



Мәселе

Іс-әрекет

Мазмұны

1

Проблема







2

Жұмысты жоспарлау







3

Жобаны өткізу







4

Презентация







5

Бағалау







6

Жоба құжаттарын аяқтау








2-ші тапсырма Жобалау технологиясын оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті













3-ші тапсырма



Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттрері

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Дайындық кезеңі










2

Жоспарлау










3

Зерртеу жұмысы










4

Нәтижені талқылау










5

Жұмыстардың тұсау кесері













Бағалау және жоспарлау










4-ші тапсырма Фронтальды сұрақ:

  1. Жобалау қандай мағына береді?

  2. Жобалау технологиясы дегеніміз?

  3. Жобалау әдістемесі қай кезеңде дамыды?

  4. Негізін салған кім?

5. Жаңа білімді хабарлау - 25 мин.

Тақырыбы: Оқытуда жобалау әдістемесі – XXI ғасырдың білім технологиясы.

(тіркемеде көрсетілген)

Жоспары:

1. Педагогикалық жобалаудың мәні

2. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.

3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері.



6. Білімді бірінші бекіту кезеңі - 5 мин.

7. Білімді жүйелеу-2 мин.

Жобалау технологиясы қандай ғылымдармен байланысты?



8. Екінші білімді бекіту кезеңі - 5 мин.

Фронтальды сұрақ:

  1. Жобалау қандай мағына беред?

  2. Жобалау технологиясы дегеніміз?

  3. Жобалау әдістемесі қай кезеңде дамыды?

  4. Негізін салған кім?

9. Қорытындылау - 5 мин. « Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. 

10. Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау - 1 мин.

11. Үй тапсырмасын беру – 2 мин.

Глоссариймен жұмыс. Жобалау жұмысының тақырыбын беру. Материал қарастыру, жинақтау.



  1. «Жасыл экономика» жобасы

  2. «Казіргі заман педагогы» жобасы

  3. «Семей қаласының болашағы» жобасы

  4. «ЭКСПО - 2017» жобасы

  5. «Мен болашақ мұғалім» жобасы

  6. Жобалау жұмысына қажетті оқушылар құзіреттіліктері

  7. «Мектеп оқушыларының бос уақытын жаңаша ұйымдастыру » жобасы

  8. «Жастар этикасы» жобасы

  9. «Экскурсия жобалары» жобасы

  10. «Ойын жобалары» жобасы

  11. «Құрастыру жобалары» жобасы

  12. «Хабарлама жобаларының» жобасы

12. Рефлексия – 5 мин. Оқытушыға хат жазу әдісі.

Менің бүгін білгенім.....

Мен мынаны түсіндім....

Маған түсініксіз болғаны..



Тақырыбы: Оқытуда жобалау әдістемесі – XXI ғасырдың білім технологиясы.

Жоспары:


1. Педагогикалық жобалаудың мәні

2. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.

3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері.
1. Педагогикалық жобалаудың мәні

Педагогтың жобалық әрекетін талдау үшін болмысты тану мен қайта

Жобалық әрекет қоғамдық сипатты айқын көрсетеді.

Жобалаудың ерекшелігі-жаңа өнім құру және тек көрінуі мүмкін екендігін өз мезгілінде тану. Ол шынайылықтың ғылыми-болжамдық елестетудің типі болып табылады және оны тәжірбие дамуның талаптарына сәйкес қамтиды және өзгертеді. Жобалық әрекет - бұл толық аяқталмаған әрекетті(сол мезеттегі) өзгертуге әрдайым талаптанушылық және сол сияқты жобалау авторларының пікірі бойынша келешекке баңытталушылық.



Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:


  • Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

  • Мақсатқа бағытталған әрекет;

  • Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

    1. өндірістік, немесе жасампаздық;

    2. тұтынушылық;

    3. интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

    4. жоба–жаттығулар.

Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. «Педагогикалық жобалау» түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша «гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу».

И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;

А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;

Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;

Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;

Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық–педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын төмендегідей көрсетуге болады:



  1. жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс -әрекеттер қайта жаңартуларды көздейді;

  2. жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;

  3. педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады.

Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - комуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үрдісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.
3.3. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.
Жобалау іс әрекетіндегі негізгі ұстанымдары деп зерттеушілік, аналитикалық, болжам жасау, қайта өңдеу, нормаға келтіретін принциптерді атайды.Сонымен қоса жобалауға білімді болжау негізінде практика үшін тиімді нәтижені беретін ұлттық және құрушы ұстанымдарға сәйкес келеді.
1-кесте. Педагогикалық жобалардың түрлері.


Әлеуметтік-педагогикалық жобалар

Психология-педагогикалық жобалар

Білім берушілік жобалар.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік жағдайларды өзгерту.

Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын қайта жасау.

Білім беруге мемлекеттік- қоғамдық талаптарды қалыптастыру.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік мәселелерді шешу.

Оқыту мен тәрбиелеу амалдарын жасау және модификациялау.

Жобалау білім берудің сапасы.




Педагогикалық іс- әрекетті ұйымдастырудың формасын жасау.

Білім беру институттарын құрастыру.




Педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қайта жасау.

Білім беру стандарттарын жасау.

Қазіргі білім беру саласында жобалаудың нәтижесі мен мақсатқа бағытталғаны және объектісіне байланысты негізгі үш түрі белсенді даму үстінде(1-кесте):



  1. Әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған әлеуметтік – педагогикалық жобалау,

  2. Мақсаты, білім беру үдерісінің шеңберінде тұлғааралық қарым – қаитынасты және адамды қайта жасау болатын, психология-педагогикалық жобалау.

  3. Институттар мен білім беру жүйесін инавациялық өзгерту мен білім берудің сапасын жобалауға бағытталған білім берушілік жобалар.

Алғашқы кездерде әлеуметтік–педагогикалық жобалар, педагогикалық өзара әрекет барысында, балалар мен үлкендердің күнделікті өмірде кездесетін, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысуымен көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы оның негізгі функциясы адамның әлеуметтенуіне, қалыптасуына, дамуына әсер ететін, сыртқы факторлар мен жағдайларды айқындау және өзгерту негізіндегі қоршаған ортаны түзету болып табылыды. Жиі әлеуметтік педагогикалық жобалар, педагогикалық процестердің потенциялдық мүмкіндігін өзгертуге, мүмкіндік беретін жетекші білім беру жүйесін ұйымдастыруға негіз болады.

Білім берушілік жобалар шеңберінде,тоұтас мемлекет және бөлен аймақтардағы білім беруді дамытудың жобалары жасалады. Білім беруді басқару оргондарының реформалары және оларды қадағалайтын ұйымдармен, білім беру ұйымдарының құрылу жобалары жасалады.Барлық деңгейде білім берудің мазмұны мен білім беру стандарты қалыптасады

Психологиялық-педагогикалық жобалар,тұлға және тұлғааралық қатынасты қайтажасаумен байланысты, мотивация, ақпаратты қабылдау,білімді меңгеру, іс-әрекетте қатысу, қарым-қатынастан шығатын процестердің үлгісін құруды қарастырады. Психологиялық-педагогикалық жобалау, негізінде тиімді оқыту мен тәрбиелеудің шарты, педагогикалық технологиялар; оқушылар мен оқытушылардың өзара әрекеттесулерінің формасы, тұлғаның өзін жобалау амалы ретінде педагогикалық процесті қарастырды.



3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері. Білім беру саласындағы жобалар әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы деңгей, жобалау іс-әрекетінде қолданылатын, жобалау процедурасының әмбебаптығы мен нәтижесінің дәрежесіне байланысты түсіндіріледі. Педагогикалық жобалаудың беретін өнім формасы мен нәтижесіне қойылатын талаптарға қатысты, ол концептуалдық, мазмұндық, технологиялық, процесуалды деңгейде болуы мүмкін.(2-кесте).
2-Кесте. Педагогикалық жобалау өнімі мен деңгейінің арақатынасы.


Концептуалдық (Тұжырымдамалық)

Жобаның нәтижесі улгі, концепция.

Мазмұндық

Ереже (ғылыми немесе білім біру ұйым туралы), жоспарлар, бағдарламалар (білім беру, зерттенушілік, даму) , Мемлекеттік стиандарттар.

Технологиялық

Қажетті инструкциялар, басқарудың ұйымдастырушы схемалары, оқу жоспары, технология, әдістеме.

Процесуалдық

Әрекет алгаритімі, дидактикалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, оқыту процесінің графигі, әдістемелік кеңестер, оқу тақырыптарын жасау, мерекелерді өткізу бағдарламалары.

Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі, объектінің концепциясын жасауға немесе оның үлгісін болжауға (білім – беру стандартының үлгісі, бағдарламаның концепциясы, оқу бағдарламасының жобасы) бағытталады. Осы деңгейде алынған нәтиже әмбибап сипатқа ие болып, келесі деңгейдегі нәтижеге жетудің әдіснамалық қызметін жүзеге асыра алады. Мысалы: СНГ мемлекеттері үшін қабылданған «ержеткендердің білім алуы туралы» заң үлгісі, басқа мемлекеттерде осыған сәйкес келетін заңдарды жасауға негіз болғагн.



Жобалаудың мазмұндық деңгейі, негізгі рұқсат етілген (бастапқы білім беру стандарты, гимназияны дамыту бағдарламасы, эканомика және финанс институты гуманитарлық факультетініңң оқу бағдарламасы) және қолданылу мүмкіндігінің диапазонына сәйкес касиеттері бар нәтижені алуды қарастырады.

Жобалаудың технологиялық деңгейі, контексте белгіленген (оқу материялын толық меңгерудің технологиясы, тұлғаға бағытталған білім беру жағдайын құрастыру технологиясы, ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің әдісі ) іс-әрекет амалының алгаритімін сипаттауға мүмкіндікң береді.



Үдерістік деңгей жобалау іс-әрекетін міндетті өнімі бар, практикада қолданылуға дайын шынайы процеске ендгізеді.(Айқындалған дидактикалық немесе бағдарламалық құралдар, сыныптан тыс жұмыстар мен бөлек сабақтарды жасаудың әдіснамасы, іс-шараларды және т.б. жүргізудің жоспары).

Әрқайсы қарастырылған деңгейлерде, жобалау іс-әрекеті тұтастай объект немесе оның құрылымдық компоненттері (олардың арасындағы байланыс) ретінде таралады. Бір деңгейден екінші деңгейге өту барысында,жобалау объектісінің көлемі мен жобалау мәселелері өзгереді және оларды шешу талаптарының деңгейі нақтыланып ұлғакяды. (1-сурет.) (Жобалаудың деңгейлік түсінігін Е.И. Машбиц талдаған. Ол, білім берудің мазмұнын жобалау мысалында, жобалауды процес ретінде жүзеге асыру деңгейі мен концептуалдық, технологиялық, операциялық деңгейді бөліп қарастырды )



Педагогикалық жобалудың түрлері.
Әлеуметтік –педагогикалық білім берушілік психологиялық-

педагогикалық


Жобалаудың негізгі объектілері
Білім беру жүйесі және Білім беру үдерісі Құраушы компоненттері. педагогикалық іс

Педагогика

лық әрекет.
Педагогикалық жобалау нәтижелерінің деңгейі:

-тұжырымдамалық,

-мазмұндық,

-технологиялық,

-үдерістік.
Өзін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы

  2. Д.Дьюи мен В.Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.

  3. Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.

  4. «Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәні анықталуы.

  5. Глоссариймен жұмыс


Әдебиеттер

негізгі:

  1. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996.

  2. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога.-М.; СПБ., 2003.

  3. Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида.-СПБ, 1995.

Қосымша:


  1. КрюковаЕ.А. Введение в социально-педагогическое проектирование.-Волгоград, 1998.

  2. Заир-Бек Е.С. Основа педагогического проектирования.-СПБ,.1995.

  3. Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология в контексте гуманизации образования в школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.


Достарыңызбен бөлісу:

sajt-dlya-mam-konsultacii-specialistov.html
sajt-moskovskoe-tatarskoe-studencheskoe-sobranie-mtss-literatura-pisateli-i-poeti-hadi-taktash.html
sajt-posvyashennij-generalu-obaturovu-g-i-stranica-12.html
sajt-prezidenta-rossii-ria-novosti-prajm-tass-ekonomika-i-zhizn-21-05-2010.html
sajt-steelguru-india-february-22-2009-plan-of-development-of-kazakhstan-oil-refining-plants.html
sajti-dlya-uchitelya-logopeda.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/poschitaem-kazhdij-patron-monitoring-smi-4-8-oktyabrya-2010-g.html
  • college.bystrickaya.ru/16-povishenie-kachestva-i-dostupnosti-socialnih-uslug-v-celyah-protivodejstviya-korrupcii.html
  • learn.bystrickaya.ru/ferromagnetiki-i-ih-svojstva-metodicheskie-ukazaniya-k-laboratornoj-rabote-po-fizike-dlya-studentov-inzhenerno-tehnicheskih-specialnostej-minsk-2009-udk-537-226-076-5-bbk-22-3ya7-f-43.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rossiya-8985-286-36-67-ukraina-094-947-73-93-kazahstan-8-700-973-77-67-alka-majn-i-minamin-v-medicinskoj-praktike.html
  • pisat.bystrickaya.ru/spravochnaya-informaciya-proishozhdenie.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/yavlenie-radioaktivnosti-v-prirode.html
  • crib.bystrickaya.ru/ishodya-iz-znachimosti-pokazatelya-realizacii-dlya-harakteristiki-deyatelnosti-predpriyatij-organizacij-zheleznodorozhnogo-transporta-zadachami-buhgalterskogo-ucheta-processa-realizacii-yavlyayutsya.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zadanie-n-4-letnij-etap-internet-ekzamena-fepo-11.html
  • books.bystrickaya.ru/desyat-lekcij-prochitannih-dlya-rabotayushih-na-stroitelstve-geteanuma-v-dornahe-ot-7-yanvarya-do-27-fevralya-1924-goda-stranica-2.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/ocenka-effektivnosti-i-riska-investicionnih-proektov.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-iii-proekt-dogovora-podryada-dokumentaciya-ob-otkritom-konkurse.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/vostochnoj-evropi-otrivok-iz-knigi-dzhona-hoenberga-.html
  • reading.bystrickaya.ru/lekciya-7zhiznennie-formi-rastenij-ekologicheskie-gruppi-rastenij-razmnozhenie-rastenij.html
  • writing.bystrickaya.ru/knizhnoe-delo-v-xviii-veke.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/richard-kavendish-poklonenie-dyavolu.html
  • shkola.bystrickaya.ru/opticheskie-volokna.html
  • learn.bystrickaya.ru/funkcii-yazika-uchebno-metodicheskij-kompleks-dpp-f-01-teoriya-yazika-specialnost-050301-russkij-yazik-i-literatura.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razdel-6-finansovoe-obespechenie-programmi-o-gorodskoj-celevoj-programme-razvitiya-zdravoohraneniya.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-po-discipline-ftd-02-innovacionnij-menedzhment-dlya-specialnosti-080502-ekonomika-i-upravlenie-na-predpriyatii-po-otraslyam.html
  • turn.bystrickaya.ru/osnovi-nejropsihologii.html
  • literature.bystrickaya.ru/ekonomika-zhshne-basaru-institutini-direktori-bet-3.html
  • spur.bystrickaya.ru/konkurs-na-luchshuyu-rabotu-po-russkoj-istorii-nasledie-predkov-molodim.html
  • desk.bystrickaya.ru/po-discipline-organizaciya-redakcionnoj-deyatelnosti-i-principi-formirovaniya-izdanij.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kommersant-moskva-094-362008-v-moskve-prodolzhayut-goret-mashini.html
  • testyi.bystrickaya.ru/a-s-pushkin-evgenij-onegin.html
  • abstract.bystrickaya.ru/1193-rvbuzinov-tnunguryanu-abgudkov-2009-dobricina-anna-alekseevna-aspirant-tel-rab-812543-02-64.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/reinkarnaciya-kniga-tenej.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-1-vvedenie-v-v-luchkova.html
  • crib.bystrickaya.ru/investicionnaya-deyatelnost-kommercheskih-bankov-plan-raschetno-kassovie-operacii-kreditnie-operacii-klassifikaciya.html
  • holiday.bystrickaya.ru/naslednik-azkabanadzhen.html
  • assessments.bystrickaya.ru/biografiya-rodilsya-v-seme-sudi-otto-gilberta-v-gorodke-velau-bliz-kyonigsberga-v-prussii-posle-vtoroj-mirovoj-vojni-rossijskij-posyolok-znamensk-kaliningradskoj-oblasti-v-seme-krome-davida-bila-eshyo-doch.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/prikaz-gtk-rf-ot-17-06-2004-n-686-o-vnesenii-izmenenij-v-prikaz-gtk-rossii-ot-06-08-2003-n-865-o-stavkah-vivoznih-tamozhennih-poshlin-prikaz-gtk-rf-ot-17-06-2004-n-685-stranica-6.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/inventarizaciya-eyo-sushnost-i-usloviya-provedeniya.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zavtra-konec-sveta-izdatelstvo-ck-vlksm-molodaya-gvardiya-tom-3.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/urok-matematiki-v-5-klasse-tema-uroka-slozhenie-i-vichitanie-naturalnih-chisel.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.