.RU

Сабақтың тақырыбы : Қоғам әлеуметтік жүйе Сабақтың мақсаты : а білімділік

Дата07.09.2017өлшемі83.35 Kb.



Сабақ жоспары

Пән: Қоғамтану

Сабақтың тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Студенттерге қоғамдық прогресс, эволюция, революция терминдерінің мағыналарын, ХІХ ғ. ағартушылық философия туралы түсіндіру, мағлұмат беру.







ә) дамытушылық

Сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, студенттің ойлау жүйесін жетілдіру .







б) тәрбиелік

Студенттердің бойына ұлтжандылық тәрбие беру.



Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: мультимедиялық проектор, №1-7 слайдтар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспар:


  1. Қоғамдық прогресс (терминді ашып түсіндіру).

  2. Эволюция, революция, реформалар (кесте арқылы түсіндіру).

  3. ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ философиясы (ағартушы, ғалымдардың ойлары, өмір деректері).

  4. Қоғам заңдарының ерекшеліктері.

  5. Эволюция және революция әлеуметтік өзгерістердің формалары ретінде.

  6. Қоғамдық прогресс ұғымы.

  7. Дәстүрлі қоғам.

  8. Индустриалдық қоғам

  9. Постиндустриалдық қоғам

Прогресс - төменгіден жоғарыға, жетілмегеннен дамыған қалыпқа өтумен сипатталатын даму үрдісі. Бастапқыда прогресс идеясы жаратылыстық- ғылыми танымда қарастырылды (Ф. Бэкон, Р.Декарт). Кейінірек ол қоғамға, әлеуметтік қатынастарға да таралды (Тюрго, Кондорсе). Прогресс мәселесіне Гегель көп көңіл аударды, ол ағартушылардың рационализмін, олардың тарихты, өткенді елемеуін жоққа шығарды, сонымен қатар, ол өткенді шексіздендіретін романтизм мектебінің жалған тарихилығын қабылдамады. Тарихи прогресті әлемдік рухтың өзіндік дамуы ретінде қарастыра отырып, Гегель оны бостандық түсінігіндегі прогресс ретінде сипаттады. К. Маркс қоғамдық прогресс критерийлерін өндіріс күштерінің дамуынан көрді. Өндірістің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы, оны ұйымдастырудың жетілуі жұмысшының тұлғалығын, білімін, мәдениетін дамытып, қоғамдық қатынастарды және жалпы қоғамды жетілдіре түседі. Прогресс идеясы шексіз қатып қалған емес, салыстырмалы сипатта болады. Дүниеге жалпы, дамудың бірбағыттылығы кереғар; өлі табиғатта көптеген процестер үдемелі емес, мерзімдік қозғалыста болады. Қоғам прогресінің мақсаты адам болып табылады. Оның өмірі, игілігі, бостандығы - қоғамдық өмірге, тарихқа және адамның өзіне жоғары мән беретін ықпалдастырушы факторлар болып табылады. 

«Прогресс» ұғымы (лат. progressus – алға жылжу) қоғамның бірқалыпты жоғары

қарқынмен дамуын, экономиканың өрлеуін, саяси орнықтылығын, рухани өмірдің жаңаруын, адамдардың тұрмысының жақсаруын білдіреді.

Қоғамдық прогресс деп адамзат қоғамының үздіксіз дамуын, төменгі, жетілмеген формадан жоғары жетілген формаға, дамудың салыстырмалы жоғары сатысына өтуін, жоғары қарай өрлей қозғалуы.

Прогресс өлшемі – өндіргіш күштердің, солардың ішінде өндіріс құралдарының (еңбек құралдары, еңбек заты), ең бастысы, материалдық игілік өндіруші ретіндегі адамның өзінің дамуы.

Регресс (лат. rеgressus – қайта оралу) – прогреске қарама-қарсы мағынадағы ұғым, қоғамның ескіге, күні өткен формаларға қайта оралуын, дағдарысқа, деградацияға ұшырауын білдіреді. Регресс жағдайында экономика тоқырауға ұшырайды, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлайды, жемқорлық, парақорлық өршиді, қылмыс сияқты жағымсыз құбылыстарға жол беріледі.

Эволюция (лат. evolution – даму, қарқын алу) – табиғи жолмен дамудың түрлі жақтарын сипаттау үшін қолданылатын ұғым; табиғаттағы және қоғамдағы қозғалыс түрлерінің бірі; кең мағынада болмыс пен сананың мөлшерлік және сапалық жағынан табиғи жолмен жаңғыруы.

Социологияда «әлеуметтік эволюция» ұғымы қолданылады. Әлеуметтік эволюция қоғамның сыртқы әсерлерден аулақ болып, өз заңдылықтарымен дамуын, яғни уақыты келгенде, қажетті жағдайлар туғанда, экономикалық-әлеуметтік алғышарттар пісіп жетілгенде өркениет сатыларының біртіндеп ауысуын білдіреді.

Революция (лат. revolutio – төңкеріс) деп табиғаттың, қоғамның және ойлаудың диалектикалық даму заңдылықтарының аса маңызды көрінісі ретіндегі бір сапалық күйден екінші сапалық күйге секірмелі, тез өтуі айтылады.

Реформа (лат. reformare – түлету, түрлендіру) әлеуметтік құрылыстың мәнділік негіздерін сақтай отырып, қоғам өмірінің кейбір жақтарын қайта құру, түлету, өзгерту дегенді білдіреді.

Адамзат өркениеті тарихи дамуы жағынан 3-ке бөлінеді:

1.Дәстүрлі қоғамдар.

                2.Индустриялық қоғамдар.

                                             3.Постиндустриялы қоғамдар.

Дәстүрлі қоғамдар-мәдени реттелуі дәстүрге негізделген, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар.

Бұл қоғамдарға аграрлық тұрпаттағы елдер кірді. Азия мен Европаның индустриялы қоғамға дейінгі кезеңдегі даму сипаттары бар елдер өте көп болды.Мысалы, жіктелуі аз, қауымдық  рулық, тайпалық кезеңдерді басынан өткерген барлық елдерді айтуға болады. Ол қандай елдер?

Студенттерге сұрақ қою арқылы бірнеше елдерді ататып өту.

Индустриялық қоғам-қазіргі қоғамдардың шығуын және сипатын анықтауда қолданылатын, капиталистік қоғаммен қатар аталатын өнеркәсіпті қоғам.

Белгілері:

1.Машиналы өндірісі бар

2.Еңбекті фабрикалық және тәртіпке құрған.

3.Ерікті саудасы бар.

4.Жалпы нарығы бар.

5.Капиталы бар.

6.Ұлттық жүйеге лайық.

ХVIII ғасырда құқықтық мемлекеттер құрылды. Батыс елдерінде капиталистік өндіріс тәсілі орнады.

Студенттер картадан Англия,Франция, АҚШ-ты көрсетеді.

Постиндустриялы қоғам-өте күшті даму үстіндегі қоғамдар.

Белгілері:

1. Қызмет көрсету.

2. Жаппай коммуникация.

4. Ақпарат саласының дамуы.

5. Білімдер экономикасы.

Студенттерге сұрақ: Осы елдерді атап, картадан көрсете қойыңдар?

Постиндустриялық қоғамда  «адамсыз», яғни, автоматтар, компьютерлер, роботтар пайдаланылады. Мұндай қоғам міндеті: адам қабілетін дамыту.

Қазіргі заманғы өркениет-ХХ ғ.ІІ жарт.-ХХІғ. алғашқы онжылдығын қамтитын Жердегі адамзат қоғамы жасаған өркениет.

Бұлар:1. БҰҰ-дағы 192 мемлекет.   2.Мемлекеттік құрылымы анықталмаған

60 аумақ.



Постиндустриалды қоғам — қоғамның қазіргі кезеңдегі даму сатысы.

Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл,  Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский,  Дж.Гэлбрейт, т.б.

Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70-80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті:

1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы;

2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы;

3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы;

4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда —аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия.

Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70-85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі.

Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

  • Үлестірмелі карточкалар:

  1. Ежелгі Римнің және Кеңес Одағының күйреуі алдында қоғамдағы құндылық бағдарлары қалай өзгерген?

  2. Прогресті қамтамасыз ететін факторларды атаңдар.

  3. Әдетте, революциялар төменнен, реформалар жоғарыдан басталады. Оның себебі неде?

  4. Қазақ философиясының, тілінің, мәдениетінің қайнары қайдан бастау алады?

  5. Қоғамның заңдары мен тарихының сипаттамасын беріңдер.

  6. Әлеуметтік революция дегеніміз не?

  7. Қоғамдық прогресс дегеніміз не?

  8. Дәстүрлі қоғамдардың ортақ белгілерін атаңдар.

  9. Индустриалдық қоғамның сипаттамасын беріңдер.

  10. Постиндустриалдық қоғамның басты белгілері қандай?

  11. Әлеуметтік жаңғырту деген не?




  • Дәптермен жұмыс. Эволюция мен әлеуметтік эволюция арасындағы ортақ нышандарды сипаттап жазу.

  • Пікір алмасу. Оқулықтың 78-бетіндегі 5-тапсырма.

Ассоциация әдісі.




Қоғамдық прогресс


ІV. Үй тапсырмасы.

Терминдерге анықтама беру


V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).

Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:

sekciya-finansovie-rinki--podsekciya-9-programma-2223-aprelya-2009-g.html
sekciya-fizika--subbota-27-02-2010-g-obshaya-programma-xiv-respublikanskoj-konferencii-uchashihsya-obsheobrazovatelnih.html
sekciya-fizika-raboti.html
sekciya-fiziki-tverdogo-tela-programma-5-9-j-nauchnoj-studencheskoj-konferencii-petrozavodsk-izdatelstvo-petrgu-2007.html
sekciya-fiziologii-rastenij-programma-6-1-j-nauchnoj-studencheskoj-konferencii-20-24-aprelya-petrozavodsk.html
sekciya-geografii-i-geologii-iv-samarskaya-oblastnaya-studencheskaya-nauchnaya-konferenciya-15-25-aprelya-2008-goda.html
  • znanie.bystrickaya.ru/bazovij-kurs-skriptinga-tes-4-oblivion-osfm-team-2008-oglavlenie-predmetnie-ukazateli-po-funkciyam-poisk-i-navigaciya-12-predmetnij-ukazatel-po-funkciyam-obliviona-12-stranica-51.html
  • books.bystrickaya.ru/ekonomicheskoe-razvitie-pervobitno-obshinnogo-obshestva-proizvoditelnaya.html
  • essay.bystrickaya.ru/eksperimentalnie-dokazatelstva-tihoplav-v-yu-tihoplav-t-s-velikij-perehod.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodicheskij-kompleks-po-discipline-strahovanie-dlya-studentov-obuchayushihsya-po-specialnosti-080109-buhgalterskij-uchet-analiz-i-audit.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-tehnologii-9-klass-uchitel-ezheva-larisa-aleksandrovna.html
  • lesson.bystrickaya.ru/obuchenie-osnovam-socialnoj-informatiki-uchashihsya-8-9-klassov.html
  • tasks.bystrickaya.ru/10-ohrana-truda-i-obespechenie-bezopasnosti-zhiznedeyatelnosti-detej-i-pedagogov-obshaya-harakteristika-sistemi.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zond-budet-to-priblizhatsya-k-svetilu-to-udalyatsya-ot-nego-za-schet-takoj-traektorii-on-7-raz-okazhetsya-u-veneri.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/monitoring-virtualnoj-pamyati-v-os-linux.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/obshij-hod-kodifikacionnih-rabot.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zonalnoe-soveshanie-rukovoditelej-obrazovatelnih-uchrezhdenij-v-g-kirove-po-normativno-pravovoj-baze.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-4-obyazannosti-i-materialnaya-otvetstvennost-informaciya-po-otdelnim-statyam-konvencii-protiv-pitok-i-drugih.html
  • doklad.bystrickaya.ru/velikogo-novgoroda-novgorodskij-vodokanal.html
  • student.bystrickaya.ru/-2-federativnaya-respublika-germaniya-uchebnik-v-m-koryakin-a-v-kudashkin-k-v-fateev.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-audiovizualnaya-gramotnost-kak-kinoobrazovanie-kak-sredstvo-esteticheskogo-vospitaniya-i-hudozhestvennogo.html
  • college.bystrickaya.ru/112-obshaya-ploshad-lesov-raspolozhennih-v-granicah-gorodskoj-cherti-administraciya-municipalnogo-obrazovaniya.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/specifika-sozdaniya-predmetno-razvivayushej-sredi-dlya-detej-s-otkloneniyami-v-razvitii.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-2-sql-strukturizovannij-yazik-zaprosov-metodicheskie-ukazaniya-po-kursam-teoriya-informacionnih-sistem-ibazi.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-iv-idei-ocenki-i-prognozirovaniya-professionalnoj-prigodnosti-lyudej.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-13-mirovaya-ekonomika-i-mirovaya-torgovlya-programma-kursa-ekonomicheskaya-teoriya.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/lekciya-7-ob-otnoshenii-k-sogreshayushim-i-poryadke-otlucheniya-v-cerkvah-evangelskih-hristian-baptistov.html
  • universitet.bystrickaya.ru/to-the-history-of-construction-uchebnoe-posobie-dlya-studentov-1-kursa-specialnosti-promishlennoe-i-grazhdanskoe-stroitelstvo.html
  • occupation.bystrickaya.ru/mihajlova-i-v-mihajlova-lv-lemi-pitaniya-gigiena-bezopasnost-regionalno-orientirovannij-podhod-materiali.html
  • school.bystrickaya.ru/kompyuternie-tehnologii-obrabotki-ekonomicheskoj-informacii-na-osnove-ispolzovaniya-sistem-upravleniya-bazami-dannih.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vozdushnie-perevozki-v-turizme-chast-4.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/auditorskie-dokazatelstva-5.html
  • spur.bystrickaya.ru/kraevaya-programma-po-okazaniyu-sodejstviya-dobrovolnomu-pereseleniyu-v-kamchatskij-kraj-stranica-9.html
  • institute.bystrickaya.ru/g-a-kovalev-3-otnosit-socialno-psihologicheskij-trening-k-metodam-aktivnogo-socialno-psihologicheskogo-obucheniya-kak-kompleksnogo-socialno-didakticheskogo-napravleniya-stranica-4.html
  • thescience.bystrickaya.ru/itar-tass-httpwwwitar-tasscom-09022005-00000-radio-13-mayak-09-02-2005-novosti-12-00-00-garin-petr-13.html
  • lecture.bystrickaya.ru/arhitektura-i-obshestvennaya-bezopasnost-postanovka-problemi-chast-3.html
  • esse.bystrickaya.ru/programma-po-specialnosti-kipia.html
  • books.bystrickaya.ru/biografiya-l-i-bogoraz-bogoraz-bruhman-larisa-iosifovna-1929-2004-filolog-obshestvennij-deyatel-rodilas-v-harkove-8-avgusta-1929-goda.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/kreditnaya-sistema-rf-3.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/istoriko-publicisticheskoe-izdanie-ok-kultnie-sili-sssr.html
  • gramota.bystrickaya.ru/vsh-samostoyatelnaya-rabota-studentov-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-obshee-yazikoznanie-specialnost.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.