.RU

Сыныбы : 8 «А» Пән атауы

Дата13.06.2017өлшемі86.94 Kb.
Бегалина Айгуль Болатовна қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі»мемлекеттік мекемесі
Қостанай қаласы. Маяковский көшесі 112 .телефон 26-13-10.
Сыныбы :8 «А»

Пән атауы : қазақ әдебиеті

Тақырыбы: М.Мақатеав «Райымбек , Райымбек» поэмасы

Білімділік мақсаты: М.Мақатеав өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Райымбек , Райымбек» Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін табу.Шығармаға композициялық, жан-жақты талдауду жасау арқылы, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.М.Мақатеавтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды халқын қастерлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ міндеттері:

1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.

2) оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету.

3) өз бетінше ізденуге баулу.



СТО-ға байланысты – поэманы бағалай білу, шығарманы бүгінгі өмірмен байланыстыру,өзіндік көзқарас , пікірін қорғауға бағыттау.

Топқа байланысты - әр оқушының жеке, топтық жұмысын көрсету,өз пікірін қорғау.



Күтілетін нәтиже: поэманың мазмұнын меңгереді, идеясын ашады, ақпараттарды жүйелі жеткізе алады, қазақ елінің бастан кешкен тарихи кезеңдеріне шолу жасайды, поэманы композициялық құрылымына, өлең құрылысына, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жүргізе алады ,жобаны қорғайды ,талдау мен бағалауға қатысады. Шығарманы талдай отырып ұлжандылыққа, өз халқын қастерлеуге, бағалауға , елін сүюге үйренеді.

Шығарманы өмірмен байланыстырып өз толғанысын айтады.



Нәтижені бағалау : жазу арқылы ( ой- толғау немесе 5 жол өлең жазу.)

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту.

Технологиясы :

Дамыта оқыту.



1)сын тұрғысынан ойлау стратегиясы ( оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып бірін-бірі тыңдай білуге , өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып , естіп, көріп, білгендерін түйіндеп ,пайдалана білуге үйрету).

2) жобалау( оқушылардың ортақ нәтижеге жетуге бағытталған өзара келісілген тәсілдері мен әрекет ету әдістері)

сатылай кешенді талдау ( материалды белгілі бір жүйемен талдау(

Әдіс-тәсілдері: топтық , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.

Көрнекі-құрал: М.Мақатеав суреті , электронды оқулық, слайд-презентация, « Жаужүрек мың бала» бейнетаспасы , М.Мақатеавтың өз үні жазылған үнтаспа

Техникалық құралдар: үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география,музыка, тарих. Құзыреттіліктер: қатысымдық, тілдік, лингвистикалық,

мәденитанымдық және ақпараттық

1.Қатысымдық құзыреттілік- оқушының функционалды сауаттылығының болуы. Функционалды сауаттылық оқушыдан сөйлеу әрекетінің барлық түрін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім) болуын талап етеді.

2.Тілдік құзыреттілік – оқушыда әдеби тілдің нормалары, олардың түрлері, сөздік қор мен тілдің грамматикалық құрылысының толығу жолдары,талдау және жүйелеу қабілетінің қалыптасуын талап етеді.

3.Мәдени-танымдық құзыреттілік-тілді халқымыздың мәдени құндылығы ретінде тануды, оны халықтың тарихымен байланыстыруды,ұлттық ерекшеліктерді тани білуге, сөз әдебі нормаларын игертуді көздейді.

4.Ақпараттық құзыреттілік- ақпараттарды сыни тұрғыда талдауға, соның негізінде саналы шешім қабылдауға, тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алуға,сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолдануға, көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.



Сабақ эпиграфы :

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

… Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

- Сабақ мақсаты мен міндетттерімен таныстыру.

-Оқушыларды 3 топқа бөлу

Үй тапсырмасы: М.Мақатеав өмірі, шығармашылығы.

1 топ: М.Мақатеав өмірі.

2 топ: М.Мақатеав шығармашылығы.

3 топ: М.Мақатеав туралы естеліктер.



Қызығушылығын ояту:

«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі» ,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.Ал сендер Мұқағлидың өздауысын естіп көріп пе едіңдер?

(Үнтаспадан өлеңін тыңдату)

Оқытушының кіріспе сөзі : Мұқағали лирикалық өлеңдерімен бірге бірнеше поэмалар жазды. Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүрекпен жазылған шығармаларының бірі – «Райымбек! Райымбек!» поэмасы.

Қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы қазақтың ауыз әдебиетінде де тарихи әдебиетінде де кең жырланған. Поэмасы сол кездегі ел басына туған қиын халді көрсететін халықтың азалы әні «Қаратаудың басынан көш келеді” өлеңінің ырғағымен басталуы көп жайды аңғартады.

«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы туралы біз не білеміз?

1-топ : «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» дегенде көз алдымызға не елестейді?

Топ өз тапсырмасын презентацияны жасап қорғайды ,бейнетаспадан үзінді көрсетеді.

2-топ: «Райымбек! Райымбек!» поэмасының жазылу тарихы туралы не білесіңдер?

ғалым Сәрсенбi Дәуiтовтiң естелігін келтіреді.

3-топ : Жоба қорғау: «Қазақтың қас батыры Райымбек Түкеұлы»

Бұл – поэманың өзегі мен негізгі идеясы қандай деп ойлайсыңдар?

Өткен тарихымызға үңілдіре отырып, ақын шынайы шындықты арқау етіп, бүгінгілердің намысын қайрап, жігерлендіріп, қайраттандыра түседі. Бейбіт өмірге, тәуелсіздікке жетудің оңай емес екенін ұғындыру.
1-топ :Поэмаға мазмұндық жоспар құрап түсінгендерін мазмұндайды. поэманың әр бөліміндегі оқиғаның ойын анықтап, тақырып қою.(сызба арқылы көрсету)


р/с

Бөлім атауы

Оқиғаның барысы

1

Кіріспе

қазақ елінің басына түскен ауыртпашылықты

2

Негізгі бөлім

жастықтың жалынды оты айтқанынан қайтпайтын өжет, қайсар, жасынан елінің қамын жеген Райымбек тұлғасы

3

Қорытынды бөлім

Ел тағдыры, бүтіндігі, жұрт болуы бірлігіне, ынтымағына байланысты екенін жақсы түсінген Райымбектің іргесі сөгілген елдің басын қосуға талпынуы, қолбасшылыққа қол жеткізуі.

2-топ:Поэманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау талдату.

Тақырыбы: «Райымбек , Райымбек» поэмасы

Оқиғаның басталуы : Жау шапқан қазақ ауылы.

Оқиғаның байланысы : Жыраудың балаға кездесуі.

Оқиғаның өрбуі : Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.

Оқиғаның шиеленісуі : Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.

Оқиғаның шарықтау шегі : Қатал сын.

Оқиғаның шешімі : Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.

3-топ сюжеттік оқиғалар негізінде поэмадағы образдар жүйесіне талдау:

семантикалық картаны толтырады.


Кейіпкер

Іс-әрекеті, адами қасиеті.

Райымбек




Қабай жырау




Хангелдінің кенже ұлы-Түке



3-топ .Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау.

1. Авторы:

2. Тақырып:

3. Идеясы:

4: 4 шумақты.Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

Бірінші бөлім 23 шумақ, 118 тармақтан тұрады.

Екінші бөлім 26 шумақ 120 тармақтан тұрады

Үшінші бөлім 126 шумақ 473 тармақтан тұрады

5.Тармақ .өолеңнің әрбір жолы.

Бірінші бөлім 118 тармақтан тұрады.

Екінші бөлім 120 тармақтан тұрады

Үшінші бөлім 473 тармақтан тұрады

6.3 бунақты. Бунақ белгілі бір дауыс ырғағымен бөлу.

«Қара таудың /басынан /көш келеді»,

Қара жорға/ шайқалып,/ бос келеді.

7. 11-буынды.Буын саны сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.

1- бунақта 4буын / 2-бунақта 3 буын / 3-бунақта 4 буын

«Қа-ра тау-дың /ба-сы-нан /көш ке-ле-ді»,
7ашық буын
4 бітеу буын

8.Қара өлең ұйқасы.Себебі 1,2,4- жолдары өзара ұйқасқан, 3- жол дара қалған. А а б а .

Ұйқас :бұл соңғы сөздері бір – бірімен үндес, дыбыстары бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл бітімімен , мазмұнымкһен тамырлас.

9. Әдеби теориялық ұғымдар: эпитет,теңеу,метафораны,фразеологизмдерді әдепкі (анафора) және кезекті (эпифора) қайталамалар ,арнау және диалогтар салт – дәстүр .

10.поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:туған жерді,Отанды сүю, қорғау.

1-3 топ : «Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы троп түрлеріне талдау .

1.Поэмадағы ұлттық болмыс: Аманат , аят, дұға, тоба, талақ етті, туырлық, тоқым, бәйге, мұзбалақ,би. сөздеріне түініктеме береді.



Фразеологизмдер
2. « Райымбек! Райымбек! » поэмасындағы түр мен түс

Ақ

Қара

Боз

Күрең

Қызыл

Ақ орда, ақ таң ,аппақ нұр, ақ сақал ,ақ айдын.


Қара шаңырақ, қара жауым , қара жауын, қара бас, қараша үйлер, қара темір, қара жұлдыз, қара темір, қара тау, қара жорға,

қара күн, қара қазақ, қара түн



боз кебін, боз кебін,боз дала, боз сағым

күрең ат

Қызыл- күрең маңы



қызыл күн.

3. « Райымбек! Райымбек! » поэмасындағы троп түрлері




эпитет







теңеу







метафора







фразеологизмдер







қайталамалар(анафора, эпифора)










арнау және диалогтар







Шығармашылық жұмыс:

«Хал сұрама, жыр сұра»



Хат өлең ойтолғау

Салыстыру:
Бекіту : Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық барының ел алдындағы азаматтық борышын адал арындауының ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Аталмыш поэманы – дәуірлік шығарма деп айтуымызға бола ма қалай ойлайсыңдар?

Жоба қорғау : ғылыми жоба М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек! » поэмасының шығу тарихы мен көркемдік ерекшеліктері,

«Жерді бізге алып беру үшін қан төккен бабаларымыздың әруағы қолдасын деп өткізіп жатырмыз. Болашақ жастар осыдан тағылым алып, тәуелсіз елін қорғап, патриот болсын деп жатыр.Бабаларымыз сияқты керек болса елі үшін, жер үшін жанын да, қанын да аямай күрессе екен дейміз.» Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:

Мұқағали әндері туралы не білесің?

«Сарыжайлау», «Фариза», «Дариға домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді»



Үй тапсырмасы : шығармаға дайындық

Бағалау:топбасшылары бағалау парағын толтырып , тобындағы оқушылардың білімін таразылайды, соңынан мұғалім бағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:

sokrashyonnie-i-slozhnie-silyaogizmi-uchebnik-logiki.html
sokrat-o-samom-sebe-kniga-snabzhena-vsem-neobhodimim-spravochnim-materialom.html
sokraticheskie-shkoli-istoriya-antichnoj-filosofii.html
sokritie-smislov-vo-sne-sni-i-grezi-evgeniya-cvetkova.html
sokrovisha-otvazhnih-kapitanov.html
sokrovishnica-russkogo-slova.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-3meri-profilaktiki-narkomanii-i-toksikomaniiv-sisteme-zdravoohraneniya.html
  • grade.bystrickaya.ru/mongoli-nikolaj-rerih.html
  • bukva.bystrickaya.ru/raschet-informacionnih-harakteristik-istochnikov-soobshenij-signalov-i-kanalov.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zakon-respubliki-kazahstan-ot-08-07-2005-n-66-3-o-gosudarstvennom-regulirovanii-razvitiya-agropromishlennogo-kompleksa-i-selskih-territorij.html
  • desk.bystrickaya.ru/podsoedinenie-drugih-komponentov-ustrojstvo-radiopriemnoe-onkyo-pha-10-45-rukovodstvo-po-ekspluatacii.html
  • doklad.bystrickaya.ru/usherb-ot-pozhara-v-torgovom-komplekse-v-lesosibirske-previsil-50-mln-rublej-internet-resurs-itar-tasscom-22022012.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tematicheskij-plan-kursa-lekcij-mesto-kursa-v-sisteme-disciplin-opredelyonnogo-cikla-kurs-lekcij.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uroven-obuchennosti-uchashihsya-po-stupenyam-obucheniya-publichnij-doklad.html
  • education.bystrickaya.ru/1-opisanie-punkta-povestki-dnya-stranica-3.html
  • gramota.bystrickaya.ru/x-funkciya-f-dostigaet-svoego-absolyutnogo-minimuma-vnutri-x.html
  • studies.bystrickaya.ru/avtomatizirovannie-sistemi-upravleniya-tehnicheskimi-sredstvami.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/mou-sosh-35-stanici-novominskoj-kanevskogo-rajona-v-2009-2010-uchebnom-godu-stranica-7.html
  • thesis.bystrickaya.ru/programma-pedagoga-sostavitel-uchitel-kubanovedeniya-osipenko-e-i.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-uroka-kol-urokov.html
  • textbook.bystrickaya.ru/klubnij-donor-rossijskaya-blagotvoritelnost-v-zerkale-smi.html
  • textbook.bystrickaya.ru/gosudarstvennij-komitet-soveta-ministrov-sssr-po-voprosam-truda-i-zarabotnoj-plati-stranica-17.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/razdel-2-mezhbyudzhetnie-otnosheniya-i-kodeks-respubliki-kazahstan-ot-24-aprelya-2004-goda-n-548.html
  • letter.bystrickaya.ru/mifologicheskoe-i-realnoe-puti-vibora-nomer-303-smert-pered-televizorom-yubilej-otkritiya.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-4-k-a-p-i-t-a-n-t-i-g-r-plutishkina-skazka.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/leumettk-ekologiyani-damu-kezeder.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nablyudenie-za-resheniem-problem-v-hode-diskussii-ispolnitelem-roli-spikera-socialnaya-psihologiya.html
  • testyi.bystrickaya.ru/5311-analiz-dejstvuyushih-norm-zakonodatelstva-reguliruyushih-investicii-za-rubezh.html
  • doklad.bystrickaya.ru/voprosi-k-referatu-ponyatie-etiket-ego-rol-i-znachenie-v-processe-delovogo-vzaimodejstviya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tehnologiya-konstrukcionnih-materialov-stranica-5.html
  • books.bystrickaya.ru/bread-and-butter-letter-blagodarstvennoe-pismo-bryanskaya-oblast-dubrovskij-rajon.html
  • assessments.bystrickaya.ru/bibliotechnoe-delo-bibliotekovedenie-bibliografiya-bbk-78-byulleten-novih-postuplenij-za-dekabr-2010-goda.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/parodiya-v-aspekte-intertekstualnosti-chast-8.html
  • pisat.bystrickaya.ru/sravnitelno-istoricheskoe-yazikoznanie-hh-veka.html
  • desk.bystrickaya.ru/osen-vremya-vibora-sotni-molodih-lyudej-zadayutsya-voprosom-kuda-pojti-uchitsya-b-spinoza-pisal-lya-togo-kto-ne-znaet-kuda-plivet-nikakoj-veter-ne-budet.html
  • holiday.bystrickaya.ru/mindell-koma-klyuch-k-probuzhdeniyu-stranica-6.html
  • notebook.bystrickaya.ru/internet-resursi-gosduma-rf-monitoring-smi-29-sentyabrya-2006-g.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/ledohod-na-obi-nochyu-dostig-tomskoj-oblasti-tom-vskroetsya-v-techenie-sutok-mchs-informacionnoe-agentstvo-ria-novosti-14042011.html
  • reading.bystrickaya.ru/macromolecular-theory-and-simulations-2004-v-13-no-6-p-487-496-biochemistry-moscow-series-a-membrane.html
  • turn.bystrickaya.ru/partizanskij-kotel-ezhednevnij-monitoring-smi-oao-rao-energeticheskie-sistemi-vostoka-29-dekabrya-2009-goda.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-gosudarstvennogo-ekzamena-po-ugolovnomu-pravu-dlya-studentov-specialnosti-030501-yurisprudenciya-ochnoj-i-zaochnoj-form-obucheniya.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.